ОРЫНДЫҚ

lat: ORYNDYQ /410/

зат. 1 . Бір кісі отыруға арналған, арқалығы бар үй жиһазының бір түрі .

Зярыновтың лашығы,

Төрт орындық , бір стол.

Алда карта тұр ашулы,

Әзірге тек жұмыс сол (1,103).

Жамаш әжей оны сүйеп, орындыққа отырғызды (4,161).


2 . Бақ ішіне орнатылған, өзіне бірнеше кісі отыруға болатын ұзын отырғыш . Алматының саялы бақтарының бір бұрышы. Бейуақ. Ұзын орындықта Бағдат пен Бану (4,225).

Бақ ішінде екі кісілік орындық (4,206).